Дін қызметкерлері ешқашан ұлттың санасын улап, құндылықтарымыздан алшақтатпау қажет. Қазіргі таңда елде салт-дәстүрімізді, ұлттық аспапты “харам” деп жүрген жандар көбейіп барады. Осы әрекеті үшін кейбірі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында облысқа дін істері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері келді. Білікті мамандар Петропавлда өңірдің түкпір-түкпірінен келген теологтармен және ішкі саясат бөлімінің мамандарымен тілдесті.
ГҮЛНАЗ РАЗДЫҚОВА, дін істері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі:
– “Діни экстремизмнің алдын алу үшін мемлекеттік органдар мен теологтар бірігіп жұмыс істеу қажет. Әлеуметтік желідегі ақпарлардың дұрыстығына баса назар аударған жөн. Теріс ағымдар насихатталса, бірден сотқа береміз”.
Қазіргі таңда діни экстремизм – қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Онымен күрес барысында осы сияқты шаралардың маңызы зор. Бұның барлығы адамдардың ой-санасы уланып, теріс ағымға түсіп кетпеуі үшін жасалып отыр.
ТІЛЕГЕН АБЗАЛХАН, Ақжар аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
– “Іс-шара жоғары деңгейде өтуде. Ауданда 14-35 жас аралығындағы жандармен осы бағытта ауқымды іс-шаралар өтеді. Жаднама қағаздарын таратамыз”.
Білікті мамандар облыста 4 күн болады. Осы уақыт ішінде өңірдің 5 ауданын араламақ.
Нурасыл Ахмет