ЖАННҰР БЕКТҰРҒАНОВА, тілші:
– “Аққайың ауданында да Солтүстік Қазақстан облысының өзге аудандарындағы сияқты егін жақсы шықты. Қазір біз “Дайындық Агро” серіктестігінің алқабындамыз. Биыл мұнда 15 мың гектар аумаққа егін егілді. Серіктестікте рапс, зығыр, арпа, бидай секілді дақылдар өсірілген”.
Ашық әрі жылы күз – диқандар үшін нағыз сый. “Дайындық Агро” серіктестігінің мамандары қолайлы ауа райын пайдаланып, ала жаздай өсірген астықты жинап жатыр. Қарқын жоғары. Танапта жүйткіген техникаға көз сүйсінеді. Қазіргі уақытта өнімнің 60%-ы жиналды. Қазір гектар өнімділігі 20-25 центнерді құрап отыр. Бұл ретте мемлекет қолдауын айтпай кетуге болмайды. Жыл басынан бері отандық шаруаларға Үкімет тарапынан зор көмек көрсетілді. “Кең дала-2” бағдарламасы бойынша 5% мөлшерінде несие берілді, арзандатылған бағамен жанар-жағармай және тыңайтқыш жеткізілді.
ОЛЖАС ШАЙМЕРДЕНОВ, “Дайындық Агро” ЖШС директоры, Аққайың ауданы:
– “Біз жылда “Кең дала-2″ бағдарламасымен қаржыландырыламыз. Сол несиемен егін және мал шаруашылығымен айналысамыз”, 03:21-03:27 “Аммофос, сульфоаммофос секілді тыңайтқыштар алдық” 02:01-02:21 “Үкімет тарапынан бізге 295 тенгеден арзандатылған жанармай да берілді. Техникаға жағымды. Қолданып отырмыз”.
Қамбаға түсетін әр дәннің сапасы жіті бақыланады. Мамандардың айтуынша биыл өнімнің көп бөлігі 3 кластық сортқа жатады.
АЗАМАТ САҒЫНДЫҚОВ, “Дайындық Агро” ЖШС бас агрономы, Аққайың ауданы:
– “Өнімнің жағдайын қадағалап отырамыз. Барлық агротехникалық шаралар уақытылы жасалғандықтан, қамбамыз сапалы астыққа толады. Биылғы маусымға қажетті тыңайтқышты дер кезінде алдық. Бұл ыстықққа қарамай дақылдардың түсімін арттыруға зор септігін тигізді. Орта есеппен алсақ, дәнді дақылдар гектарынан 22 центнерден, ал майлы дақылдар 24 центнерден жиналуда”.
Кәсіпорында 120 адам еңбек етеді. Солардың бірі – Асхат Сүттібаев. Маман бұл салада 14 жыл бойы тер төгіп келеді. Комбайншы жасалған жағдайға дән риза.
АСХАТ СҮТТІБАЕВ, “Дайындық Агро” ЖШС механизаторы, Аққайың ауданы:
– “John Deere” комбайнымен 4 жыл жұмыс істеп келе жатырмын. Егінді таза жинайды. Айлық жақсы түседі. Бастықтармен жақсы қарым-қатынастамыз. Тамақ уақытылы ішеміз. Енді егінді жаңбырға тигізбей жинап алсақ игі”.
Ауа райы қолайлы болса, серіктестікте егін жинау науқанын қыкүйектің соңында аяқтау жоспарланып отыр.
Жаннур Бектурганова