Қоғам

“Сервис-Жарс” серіктестігі орақ науқанын қызу жүргізуде

ҰЛАН ЫДЫРЫС, тілші:
– “Біз қазір Қызылжар ауданындамыз. Мұнда жергілікті “Сервис ЖАРС” серіктестігі жиым-терім науқанына қызу кірісіп кеткен. Қазіргі таңда агроқұрылым 16 мың гектар алқаптың жартысынан дән бастырып үлгерді”.

Қазіргі таңда агроқұрылым қыша алқаптарынан өнім жинауда. Егістікте 6 бірдей комбайн күн-түн демей жүйткіп жүр. Серіктестік орақ науқанын 60 пайызға тәмамдаған. Өнімділік гектарына 20 центнерді құрап отыр. Алдағы уақытта шаруашылық дәнді дақылдарға көшуді жоспарлап отыр.

РУСЛАН ӨТЕБАЙ, “Сервис-ЖАРС” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:
– “Біз малазықтық дақылдарға, оның ішінде жоңышқа өсіруге басымдық береміз. Сонымен қатар, рапс, зығыр, күнбағыс сынды майлы дақылдарды да өсіреміз. Мемлекеттік қолдау шараларын да пайдаланамыз. Орақ науқанында арзандатылған дизель отынымен де қамтамасыз етілдік”.

Орақ науқаны кезінде еңбек адамдарына артылар жауапкершілік мол. Марат Төлебай 1983 жылдан бері механизатор болып жұмыс істейді. “Сервис-ЖАРС” серіктестігіне 2014 жылы келген. Ауыл еңбеккері таңның атысынан кештің батысына дейін егіс алқабында жүреді.

МАРАТ ТӨЛЕБАЙ, “Сервис-ЖАРС” ЖШС механизаторы, Қызылжар ауданы:
– Қазір ауа райы жақсы. Жиым-терім науқаны сәтті өтуде. Жұмыс таңғы 8-де басталады. Ең бірінші техниканы тексеріп, қажет болған жағдайда бөлшектерін майлаймыз. Әзірге комбайн ақаусыз жүріп тұр. Бір аптаның ішінде қышаны жинап үлгереміз деп ойлаймын”.

Алдағы уақытта серіктестік майлы дақылдарды орып, оны қамбаға басқаннан кейін, дәнді дақылдарды жинауға кіріспек.

Улан Ыдырыс