Қоғам

Петропавлдық волейболшы мен жаттықтырушы Азия ойындарында қатысады

Петропавлдық «Қуаныш» волейбол клубының екі өкілі Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысады. Клуб ойыншысы Маргарита Бельченко Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының сапына енді. Ал «Қуаныш» клубының маманы Сергей Шмелёв жаттықтырушылар штабына шақырту алды. Ол статистиканы бақылайтын болады. Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындары 16-22 қыркүйек аралығында Жапонияда жалауын желбіретеді. Қазақстанның әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Топтық кезеңде отандастарымыз Қытай және Филиппин құрамаларына қарсы кездесу өткізеді.

Улан Ыдырыс