Қоғам

Мамлют ауданындағы астық қабылдау орнында жарақат алған жұмысшылардың жағдайы ауыр

Мамлют ауданындағы элеваторда екі жұмысшы ауыр жарақат алды. Келеңсіз жайт 3-қыркүйек күні Дубровное ауылындағы “Агрофирма Мамлютская” серіктестігінде орын алған. Бізде бар ақпарға сүйенсек, 1983 және 85-ші жылғы ер адамдар астық кептіру жабдығында жұмыс істеп жатып, таспаға оралып, жарақат алған. Зардап шеккен жандар бірден ауруханаға жеткізілді. Медициналық мекеменің мәліметінше, біреуінің екі аяғы сынса, екіншісінің білек сүйектеріне зақым келген. Қос жұмысшының да жағдайлары ауыр деп бағаланып отыр.


– Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алдымен 1983 жылғы ер адам жарақат алған. Екінші жұмысшы оған көмек көрсетемін деп зардап шеккен. Қазіргі таңда еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. СҚО ПД

Нурасыл Ахмет