Петропавлда 37 бірдей алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды. Криминалдық полиция басқармасының уәкілдері қаладағы техникалық қызмет көрсету станцияларының біріне қатысты түскен шағымдарды зерттеп, заңсыз әрекеттердің бетін ашты. Белгілі болғандай, өткен тамыздан бері қабылданған ақаулы көліктердің ақысы төленгенімен, тиісті жөндеу жұмысы жүргізілмей келген. Темір тұлпар иелеріне келтірілген шығын миллиондап есептеліп отыр. Бір дерек бойынша келген залал 1 жарым млн теңгеден асады. Анықталғандай, нысан жұмысына 26 жастағы қала тұрғыны басшылық еткен, бірақ ресми түрде оның директоры басқа адам болған. Қазіргі уақытта жас жігіт тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаннур Бектурганова