Қоғам

“Құлагер” тағы да жеңді

 

АРУЖАН СҰЛТАНОВА, тілші:
– Кеше ғана “Құлагер” мен “Ақтөбе” командалары арасындағы алғашқы матч өтіп, 6:2 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз жеңіске жетті, жанкүйерлерді қуантты. Бүгін – қарымта кездесу. Алдағы 3 периодтың нәтижесінде жеңімпазды анықтайтын боламыз.

“Құлагер” мен “Ақтөбе” арасындағы қарымта кездесу алғашқы минутынан тартысты басталды. Бірінші период аяқталуға жақындағанда теріскейлік айдын иелері белсенділік танытып, 11-минутта есеп ашты. Екінші кезеңде де теріскейліктер қарқынды бәсеңдетпеді. 14-минутта екінші шайба соғып, басымдықты арттыра түсті. Дегенмен ақтөбеліктер де оңай шағылатын жаңғақ емес. Алдымен 2-ші периодтың ортасында есептегі айырмашылықты азайтса, үшінші периодтың 10-минутында есепті 2:2 қылып теңестірді. Қалың көрермен соңғы секундқа дейін өз командасына ерекше қолдау көрсетіп, айдын иелеріне барынша демеу болды. Жауапты сәтте жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген спортшылар сенімді ақтады. Тартысты матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, ойын овертаймға ұласты. Мұнда шешуші сәтте ширақтық танытқан «Құлагер» ойыншылары 3-ші шайбаны қарсылас қақпасына соғып, маңызды жеңісті қанжығаларына байлады.

ГЛЕБ ЛУКАВЕНКО, “Құлагер” ХК ойыншысы:
– Бапкеріміз қарсыластырымыздың тактикасына мән беру қажеттігін ескертті. Ойын барысы оңай болған жоқ. Жеңіске ауызбіршіліктің арқасында жеттік. Бізді қолдаған жанкүйерлерге алғысымыз шексіз.

 

АНДРЕЙ СПИРИДОНОВ, “Құлагер” ХК бас бапкері:
– Ойынды овертаймға дейін созсақ та біз үшін маңызды деген 4 ұпай еншіледік. Түйген ой: дайындығымызды пысықтай түсетін. Арада екі күндік демалысымыз бар. Соны тиімді пайдаланып, тынығып, ары қарай білек сыбана жаттығуларға кірісеміз.

Құлагерліктер келесі ойынды өз алаңында қыркүйектің 5-6-сы күндері өткізеді. Бұл жолы теріскейлік имек таяқ шеберлері атыраулық “Бейбарыспен” кездеседі.

Аружан Султанова