Қоғам

Қазақтың байырғы жер-су атауларын қалыпқа келтіру

Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар. Өзен, бұлақ, көл, сай-сала, қырат, жоталар мен елді мекендердің атауларын жан-жақты зерттеп, тарихи нұсқасын қайтару қажет. Себебі, Кеңес заманында қазақтың жер-су аттары біршама өзгерісті бастан кешірді. Аталған өзекті мәселені шешу мақсатында облысқа ономаст ғалымдар келді. Қазіргі таңда өңір тарихын зерттеп жүр. Олар бүгін Петропавлда теріскейлік тарихшылармен және зиялы қауым өкілдерімен тілдесті.

ГҮЛНӘР ШИЯПҚЫЗЫ, “Қазақстан жер-су атауларын тарихи диахрондық әдіс арқылы біріздендіру” жобасының жетекшісі, Астана қаласы:
– Өңірдегі жер-су атауларының топонимдік сөздігін істеп жатырмыз. Мұнда әр жердің не үшін олай аталғаны жайлы бар ақпар болады.

Жобаның басты мақсаты – жер-су атауларына қатысты тарихи деректерді ғылыми айналымға түсіру және тарихи ономастикалық атауларды қалыпқа келтіру, жүйелеу. Қазақтың төл 9 әрпі бар. Қандай да бір елді мекенге жол жүрген адам қазақша әріптері бар жерді карталардан таба алмайды. Себебі, іздеу базасына енгізілмеген. Барлығы орыс тілінде жүргізіледі немесе латын қарпіндегі атаулар кіргізіледі. Алқалы жиында осы сияқты мәселелер көтерілді.

ГҮЛНӘР ШИЯПҚЫЗЫ, “Қазақстан жер-су атауларын тарихи диахрондық әдіс арқылы біріздендіру” жобасының жетекшісі, Астана қаласы:
– Мәселен, СҚО-да 20-дан астам Моховое деген көл бар. Ол дұрыс емес. Экспедиция өкілдері құжаттарды іздеп, ауыл халқымен тілдесіп, жер-су аттарының тарихи атауын қайтарғысы келеді.

Ономаст ғалымдар облыстың 8 ауданын аралаған. Енді жергілікті тарихшылардың көмегіне жүгінбек. Кейін Астанаға барып, қорытындыны жүйеге енгізеді.

Нурасыл Ахмет