Жалған дерекке сенбеу керек! Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы таралып жатқан “некені тіркеу мерзімін ұзарту қажеттігі” туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай ресми мәлімдеме Әділет министрлігінің сайтында жарық көрді. Неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты Әділет министрлігі некені ұзарту талап етілмейтіндігін ескертеді.
– Некені бұзу тек тіркеуші орган арқылы немесе сот шешімінің тәртібімен жүзеге асырылады. Некені бұзу тіркеуші орган арқылы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, ал сот тәртібімен бұзылған жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. Осыған байланысты азаматтардың назарын осындай хабарламалардың шындыққа сәйкес келмейтініне аударып, оларды көрсетілген сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерді бөгде адамдарға ұсынбауға шақырамыз.
ҚР Әділет министрлігі
Жаннур Бектурганова