Ал петропавлдық экологтар Есіл өзенінің жағасын тазартты. Қоршаған ортаға пайда әкелер шара «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы «Таза жағалаулар» акциясы негізінде ұйымдастырылды. Табиғат жанашырларының қатарына мемлекеттік орган өкілдері мен волонтерлер қосылды. Жерлестеріміз өзен бойымен жүріп өтіп, қалдықтарды қолдарына ұстаған қапшықтарына салды. Тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған бастама нәтижесінде төңіректің санитарлық жағдайы ретке келтірілді.
Аружан Султанова