Жуырда Орал қаласында дзюдодан ел чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық спортшы қатысты. Барлығы «Сен тұр, мен атайын» дейтін мықтылар. Бәсі биік додада жерлес спортшы Назгүл Маратова чемпион атанды. Ол жеңіс жолында төрт белдесу өткізді. Дәлірек айтсақ, Атырау, Астана қалалары мен Жетісу және Батыс Қазақстан облысы палуандарының жауырын жер иіскетті. Енді Назгүл ел намысын әлемдік аренада қорғайтын болады.
НАЗГҮЛ МАРАТОВА, дзюдодан ел чемпионатының жеңімпазы:
қаз, Финалда кездескен спортшыны жақсы танимын. Бұған дейін 3 мәрте кездескенбіз. Айла-амалдың емес, қара күштің арқасында жеңіске жеттім.
Нурасыл Ахмет