Қоғам

СҚО-да мүгедектігі бар балаларды оңалтуды бақылауға арналған цифрлық күнделік сынақтан өтеді

СҚО-да мүгедектігі бар балаларды оңалтуды бақылауға арналған цифрлық күнделік сынақтан өтеді. Жобаны Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асырады. Сынақ аясында 180 баланы қамту көзделген. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған 20 бала және психоневрологиялық бұзылыстары бар 160 бала бар. Жобаға 7 дәрігер, 9 логопед және 8 психолог қатысады. Мамандар баланың жағдайын жеке бағалап, қолдау түрін соған қарай анықтайды. Ақ халатты абзал жандар үйге барып жұмыс істейді, ал қажет жағдайда онлайн кеңес өткізіп, ата-аналарға баланың дамуы мен оңалуына көмектесетін кеңестер береді. Жоба барысында FSM Social цифрлық платформасы пайдаланылады. Жоба аяқталғаннан кейін оның нәтижелері талданып, осы тәсілдің қаншалықты тиімді болғаны бағаланады. Астаналық білікті маман Нұрлан Қалижановтың сөзінше, бұл оңалту жұмыстарының сапасын арттырып, баланың жағдайын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

НҰРЛАН ҚАЛИЖАНОВ, оңалту орталығының директоры, Астана қаласы:
– Менің ойымша бұл өте жақсы бағдарлама. Кейбір ата-аналар балаларын оңалту орталығына жібере алмайды. Себебі қатынау қиын.

Улан Ыдырыс