Өңірде Білім күні 6 мыңға жуық бүлдіршін 1-ші сыныпқа барса, облыстық перинаталдық орталықта болашақ білім қуар жастар – 7 сәби дүниеге келді. Бірінші нәресте – қыз бала. Таңмен таласа туған сәби сағат 04:35-те шыр етті. Кішкентай жаңа қазақстандықтардың төртеуі – қыз, үшеуі – ер бала. Жеті қазақ халқында киелі сан болып есептеледі. Осы ретте шекесі торсықтай ұлдар мен маржандай қыздар елінің елеулісі, халқының қалаулысы болып өсетініне сенім мол. Сәбилер де, баласын аман-есен құшағына алған аналардың да жағдайы жақсы.
Данаш Хамза