Елімізде хоккейден Қазақстан чемпионаты бастау алды. Жаңа маусымдағы алғашқы ойынды жергілікті “Құлагер” Петропавлда “Ақтөбе” клубына қарсы өткізді. Кездесудің бірінші және екінші периодында тараптар 2 де 2 есебімен тең түсті. Жеңімпаз шешуші кезеңде анықталды. Солтүстікқазақстандық хоккейшілер қарсыластарының қақпасына жауапсыз 4 шайба соқты. Осылайша Андрей Спиридонов баптайтын айдын иелері 3 ұпайды қоржынға салды. Қарсыластар арасындағы қарымта матч бүгін де Александр Винокуров Спорт сарайында өтеді. Ойын 19:00-де басталады.
Улан Ыдырыс