Есіл ауданына қарасты Заградовка ауылында “Ауыл құтқарушылары” атты 250-ші ерікті өрт сөндіру құрылымы реновациядан кейін қайта ашылды. Жаңа бекет бес бірдей елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл аумақта 367 үй түтін түтетіп отыр, 1 мыңға жуық тұрғын тұрады. Бекетте 7 маман қызмет атқарады. Олар қажетті техникамен, байланыс құралдарымен және арнайы экипировкамен жабдықталған.
Жаннур Бектурганова