Солтүстік Қазақстан облысында 90-нан астам сотталған жазасын одан әрі өтеуден босатылды. Бұл жайлы облыстық прокуратура қабырғасында өткен тікелей эфир барысында айтылды. «Қылмыстық жазаларды орындау, рақымшылық қолдану және сотталған әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы заңнамадағы өзгерістер» тақырыбындағы шарада қадағалау органының бірнеше өкілі баяндама жасады.
– Облыста «Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының қолданысына 257 сотталған жатады. Барлық тұлғаға қатысты материалдар сотқа жіберілді. Соттармен 210 материал қаралды. Нәтижесінде 93 сотталған жазасын одан әрі өтеуден босатылды, 116 сотталғанға қатысты жаза мерзімі қысқартылды, 1 материал бойынша өзге шешім қабылданды.
Байболат Култанов