Қоғам

Облыс әкімі Білім күнімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ұстаздар, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Әлеуметтік желілерде жарық көрген құттықтауда өңірімізде 439 мектепте қайта жұмыс басталғаны жазылған. Биыл аймақта 6 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа барды. Облыс әкімі ел болашағы саналатын жастарға сәттілік тіледі.

ГРАФИКА: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Білім – мемлекеттің тұрақты дамуы мен қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі. Сондықтан балалардың сапалы білім алуына заманауи әрі қолайлы жағдай жасау – мемлекет алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Мектептер мен балабақшалар жаңартылып, олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Оқушыларға білімге деген құштарлық, өз күшіне сенім және толағай табыс, ұстаздарға кәсіби жетістік пен шәкірттерінің құрметін, ал ата-аналарға амандық пен балаларының жетістігіне қуана беруді тілеймін. Олардың білім жолы қызықты ізденістерге, жарқын жаңалықтар мен үлкен жетістіктерге толы болсын!.

Аружан Султанова