Қоғам

Қазақстандағы 249-шы “Ауыл құтқарушылары” өрт сөндіру бекеті Есіл ауданында ашылды

Есіл ауданындағы Корнеевка ауылында 249-шы “Ауыл құтқарушылары” өрт сөндіру бекеті ашылды. Нысанның Корнеевка, Леонидовка және Советское ауылдарында тұратын 2 жарым мыңға жуық адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бекет атқарушы органдар мен жергілікті кәсіпкердің қолдауымен салынды. Нысан өрт сөндіру автоцистернасымен, қажетті құрал-жабдықтармен және арнайы киіммен жабдықталған. Ал еріктілердің өздері арнайы оқытудан өткен.

Аружан Султанова