Алып күш иелері Петропавлда бас қосты. Демалыс күндері облыс орталығында пауэрлифтингтен облыс чемпионаты өтті. Күш пен шыдамдылық сыналатын сайысқа 60-тан астам адам қатысты.
ВИКТОР ВЕРХОЗИН, пауэрлифтингтен СҚО аға жаттықтырушысы:
– Пауэрлифтинг – облыста жаңа-жаңа қарқын алып келе жатқан спорт түрі. Айналысатындардың саны көп емес. Соған қарамастан республикалық жарыстардан жүлдесіз қайтпаймыз. Өңірден шыққан әлем және Азия чемпиондары бар. Аталған спорт түрін дамыту үшін жылына бірнеше жарыс өткізіп тұрамыз. Бүгінгі чемпионатта топ жарғандар республикалық додада өңір намысын қорғайды.
Қазір спортшылар зілтемірді отырып көтеруден сайысып жатыр. Чемпионатқа қатысушы Жеңіс Сапаров тұғырдың ең биік сатысынан көрінгісі келеді. Пауэрлифтингпен айналысып жүргеніне 9 жылға жуықтапты.
ЖЕҢІС САПАРОВ, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:
– Зілтемірді отырып көтеруден сынға түстік. Нәтиже жаман емес. Екінші мүмкіндігімде 150 келіні еңсердім. Әзірге үздіктердің қатарындамын. Келесі кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, чемпион атануға тырысамын.
Сымбатты болғыңыз келсе, “VM GYM” клубына жазылыңыз!
Чемпионат “VM GYM” фитнес залында өтіп жатыр. Дене шынықтыру орталығы осыдан 1 жыл бұрын ашылған. Іші кең. Спортқа құмар жандар үшін бар жағдай жасалған. Жуыну бөлмелеріне дейін бар. Сымбатты болғыңыз келсе, “VM GYM” клубына жазылыңыз! Мұнда ақылды жаттығу құралдары мен SPA шаралары да қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, орталықтың салауатты өмір салтын ұстанамын деген жандардың ұсынары көп. Айта кету керек, “VM GYM” компаниясын зілтемірді жатып көтеруден әлем чемпионы Мария Верховых басқарады.
МАРИЯ ВЕРХОВЫХ, “VM GYM” компаниясының директоры:
– Денсаулықты нығайтып, дене бітімін жақсартқысы келетін жандар үшін мұнда қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Мамандар әр келушіге жеке жаттығу жоспарын құрады. Бағдарлама адамдарға айтарлықтай күш салмайды.
Петропавлда “VM GYM” компаниясының 4 фитнес залы бар. Дене шынықтыру орындарында 30 күндік абонемент құны 12 мың теңге тұрады.
Нурасыл Ахмет