ҰЛАН ЫДЫРЫС: тілші
– Нәзікжандылардың баспаналы болуына таптырмас мүмкіндік. Бүгін “Отбасы банк” АҚ-ның “Ұмай” тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Әйелдерге тиімді шарттар ұсынатын бұл ипотекалық бағдарлама жайлы өңір тұрғындары не біледі? Оның мүмкіндіктерімен қаншалықты таныс? Бірге анықтап көрейік.
“Ұмай” бағдарламасына қатысушы жанның бірі – Күляйма Бақтыбаева. Қала тұрғыны 2010 жылы “Отбасы банкте” шот ашып, ақша жинаған. Бүгін ол үшін ерекше күн. Таңда келіп, тиімді ипотекалық бағдарламаға қатысуға өтінім берді. Ол мақұлданды. Енді жақын арада баспаналы болуы тиіс.
КҮЛЯЙМА БАҚТЫБАЕВА, қала тұрғыны:
– “Ұмай” бағдарламасы жайлы әлеуметтік желілерден білдім. Таңнан бері кезекте тұрдым.
Жоба тек нәзікжандылардың баспаналы болуына мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында салымшы бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй тауып, рәсімдеуге болады. Несие 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, “Отбасы банкі” АҚ ресми өкілі:
– Жалпы, халықтың сұранысы өте жоғары. Әйелдер қауымы банк бөлімшелеріне келіп, кезек күтіп, сондай-ақ бейнебанкинг арқылы да өтінімдерін беріп жатыр. “Ұмай” бағдарламасы – гендерлік теңдікті сақтау мақсатында “Азия даму” банкімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан үлкен жоба. Қазіргі таңда бағдарлама бойынша 50 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Алғашқы жарна 15 пайыздан, ал өңірлер мен Астана қаласында 20 пайыздан басталады. Бағдарлама шарттарына сәйкес, әйел адамның соңғы 6 ай бойы ресми жұмыс істегені ескеріледі. Сонымен қатар әйел мен жұбайының жалпы табысы 1 миллион 250 мың теңгеден аспауы керек. Егер әйел тұрмыста болмаса да осы талап сақталады.
Сонымен қатар, несиеге алынатын тұрғын үй 2016 жылдан кейін пайдалануға берілген болуы тиіс. Бұл – талаптың бірі.
Улан Ыдырыс