Қоғам

СҚО ТЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыстан жеңімпаз атанды

25-28 тамыз аралығында Щучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан ҚР кубогы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар қатысты. Олардың қатарында жерлесіміз Алина Ғарап та бар. Нәзікжанды 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Теріскейлік спортшы барлық кездесулерде сенімді түрде жеңіске жетті. Нәтижесінде сайыста топ жарып, алтын еншіледі.

Улан Ыдырыс