Жаңа оқу жылы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері балаларды тасымалдайтын мектеп автобустарын жаппай тексеруде. Тәртіп сақшылары көліктерді техникалық тексеруден өткізіп, ақауын анықтайды. Жүргізушілердің медициналық қараудан өтуін қадағалайды. Сондай-ақ, тасымалдаушы автобустарда өрт сөндіргіштер мен қауіпсіздік құралдарының болуын қатаң бақылайды. Көлік құжаттары, жолаушыларды сақтандыру полисі, авариялық балғалардың жарамдылығы тексеріледі. Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде балалардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жаннур Бектурганова