Полицейлер Петропавлға есірткі өткізбек болған ер адамды ұстады. Күдікті – 42 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны. Ол жалға алынған “Chevrolet Cobalt” автокөлігімен жүрген. Күдікті «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде ұсталды. Тексеру барысында көлік ішінен α-PvP есірткі салынған орамалар табылды.
РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
– Зиянды заттың жалпы салмағы 120 граммды құрайды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кету керек, жыл басынан бері облыс полицейлері Петропавлға есірткі жеткізбек болған 26 адамды ұстаған.
Нурасыл Ахмет