Қоғам

Өңірде 1,6 млн тоннадан астам астық жиналды

Солтүстікқазақстандық диқандар қарқын алды. Соңғы деректерге сүйенсек, жер емген жерлестеріміз 1095 гектардағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жиды. Бұл арнайы бөлінген аумақтың 38,1 пайызын құрайды. Қамбаға жеткізілген астықтың көлемі 1,6 млн тоннадан асып жығылады. Орташа өнімділік 15 центнерді құрап отыр. Майлы дақылдарға тоқталсақ, 132 мың гектардағы өнім жиналды. 142,3 мың тонна ырыздық бастырылды. Мұндағы гектар берекелігі – 10,8 центнер.

Жаннур Бектурганова