Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 145 тұлға алкоголь сату құқығынан айрылды. Мұндай дерекпен полиция департаментіне қарасты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы бөлісті. Ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, саудагерлер ащы суды өткізу кезіндегі заңнама талаптарын бұзған. Сол үшін лицензиядан қағылып отыр. Шенділер аталған бағыттағы жұмысты жалғастырады. Тиісті рейд шаралары «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүргізілуде.
Аружан Султанова