Қоғам

“Қызылжар” ФК ірі есеппен ұтылды

“Қызылжар” футбол клубы ірі есеппен ұтылды! Солтүстікқазақстандық ұжым қонақта шымкенттік “Ордабасы” командасынан жеңілді. Қорғаныста да, шабуылда да сауатты ойын өрнегін көрсеткен алаң иелері теріскейліктердің қақпасына жауапсыз 3 гол соқты. Кезекті жеңілістен кейін петропавлдықтар турнирлік кестенің 11-ші сатысына тұрақтады. Ендігі ойын қыркүйектің 5-і күні өтеді. “Қызылжар” жігіттері “Қарасай” стадионында Атыраудың намысын қорғайтын аяқдоп шеберлерін қабылдайды.

Байболат Култанов