Ерлан Қарин – Қазақстанның вице-президенті! Оның кандидатурасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың жалпы отырысында ұсынды. Дауыс беруге жақында ғана іріктелген 145 депутат қатысты. Халық қалаулыларының 141-і Ерлан Тынымбайұлының кандидатурасын қолдады. Ал Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына қайтадан тағайындалды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Ерлан Қарин – елге танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат деп айтуға болады. Ауқымды реформаларды сапалы іске асыруға белсенді түрде атсалысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарын, даму жоспарын жақсы түсінеді. Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін. Олжас Бектенов – мемлекетшіл, тәжірибелі, білікті азамат. Жауапкершілігін жақсы түсінеді. Бұған дейін Үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс істеді.
Байболат Култанов