Қоғам

Жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының жаттықтырушыларын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан халықаралық турнир жалауын көтерді. Дүбірлі додаға Ресей Федерациясынан және Қостанай облысынан келген жас спортшылар қатысуда. Бокстан халықаралық турнирге 40-ге жуық бала жиналған. Олар 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара күш сынасып, мықтыларды анықтайды. Қостанайлық спортшылар тыңғылықты дайындықпен келген.

ЗАҢҒАР РҮСТЕМҰЛЫ, турнирге қатысушы: Қостанай облысы:
– Мен үшін бұл турнир маңызды. Командаластарымның, бапкерімнің, жақындарымның сенімін ақтауым керек. Тыңғылықты дайындалдық. Өзім 12 жастан бокспен айналысамын. 3 жылдың ішінде біраз жетістікке жеттім.

Солтүстік Қазақстан облысынан танымал чемпиондар шықты. Олардың көпке танылуына, асулардан асуына жаттықтырушылар көп еңбек сіңірді. Осыны жастар қауымы ескеріп, бапкерлерге жыл сайын құрмет көрсетеді.

АСХАТ РҮСТЕМ, «Жеңіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған БЖСМ бокстан жаттықтырушысы:
– 36 спортшы қатысады. Қайсарлық, жігер, жеңіс тілеймін. Жарысқа жақсы дайындалдық.

Солтүстік Қазақстан облысының жаттықтырушыларын еске алуға арналған халықаралық турнир 3 күнге созылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталатын болады