Солтүстікқазақстандық жас татами шеберлері Ақтаудан олжалы оралды. Жақында Каспий теңізі жағасында балалар мен жасөспірімдер арасында кекушинкай каратеден V әлем чемпионаты аяқталды. Жаһандық жарысқа дүниежүзінің 12 елінен 600-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы Ресей мен Жапонияны артқа тастап, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінуге теріскейлік жастар ауқымды үлес қосты. Сайыпқырандардың сайысында 6 бірдей өкіліміз түрлі санаттағы жүлдеге қол созды.
ЯНА ПЕРКИНА, каратеден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы:
– 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеттім. Жарысқа жарты жыл бойы дайындалдық. Жеңіс жолында үш кездесу өткіздім. Оларды жеңу оңайға соқпады. Бапкерлерімнің құрған тактикасы маған көп көмегін тигізді.
Аружан Султанова