Қоғам

СҚО-да өрт 24 адамның өмірін қиды

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында өрт 24 бірдей адамның өмірін қиды. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 17 адамның көз жұмғанын ескерсек, теріс өсімнің 41,18% екеніне көзіміз жетеді. Көміртегі тотығымен уланудан 6 тұрғын жарақат алды. Қаза тапқандар тіркелген жоқ.

АЯН ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:
– 2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңінде облыстың тұрғын үй секторында 214 өрт тіркелді. Салдарынан 31 адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала бар. 9 тұрғын жарақат алды. Материалдық шығын көлемі 52 млн теңгеден асады. Жерлестеріміз пештің жағдайына, электр сымдарының тозуына мән бере бермейді. Зерттеу осыны көрсетіп отыр.

Міндет – өрттің шығуына, адам шығынына жол бермеу. Бүгінде мамандар рейдке шығып, қауіпсіздікке көз жеткізуде. Департаментпен 5 357 үй есепке алынды. Тізімге енген баспаналарда 19 589 адам тұрады, оның 11 мыңға жуығы – бала.

Байболат Култанов