Қоғам

СҚО-да орақ науқаны 25 пайызға тәмам

Облыста күзгі дала жұмыстары жалғасып жатыр. Диқандар бір минутты да бос кетірмей аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда өңірде 1 млн 100 мың гектардағы дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдар жиналған. Орташа шығымдылық 14 центнерді құрайды. Бастырылған астық көлемі 1 млн 500 мың тоннадан асып жығылады. Аймақта орақ науқанын ойдағыдай өткізу үшін 6 мың 600 комбайн, 10 мыңнан астам трактор және 5 мың 500 жүк көлігі тартылыпты. Айта кету керек, облыста 44 астық қабылдау орны бар. Олардың орташа сыйымдылығы 7 млн тоннаға жуықтайды.

Нурасыл Ахмет