Солтүстік Қазақстан облысында прокуратураның үйлестіруімен “Таза Қазақстан” бастамасы аясында экологиялық заңнама мен абаттандыру ережелерінің сақталуы қатаң бақылауда. Өңірде ортақ пайдаланылатын орындарды ластау және рұқсат етілмеген қоқыс орындарын құру сынды құқық бұзушылықтар жиі кездеседі. Цифрлық бақылау барысында ұшқышсыз дрон аппараттарының көмегімен 88 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 40-ы жойылды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 8 прокурорлық акт енгізіліп, 42 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қадағалау органының бастамасымен ұйымдастырылған тазарту жұмыстарының нәтижесінде 10 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. Алдағы уақытта бақылауды күшейту мақсатында қоғамдық орындар мен саябақтарда 400 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.
Жаннур Бектурганова