Қоғам

Қызылжар ауданында жұмысшы тоқ соғып, қаза тапты

Бескөл ауылында қайғылы жағдай орын алды. Кірпіш тиелген поддондарды түсіру кезінде автокран-манипулятордың жебесі жоғары вольтты электр желісіне тиіп кеткен. Салдарынан көлікті басқарған 38 жастағы ер адамды электр тоғы соғып, жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Оның қасында болған 31 жастағы әріптесі де электр доғасының әсеріне ұшырап, күйік алды. Зардап шеккен азамат шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаннур Бектурганова