Қоғам

Құрылтайдың бірінші сессиясы өтетін күн белгілі

Еліміздің тарихында қалатын тағы бір күн. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясы өтетін дата мәлім болды. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

ГРАФИКА:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сенат пен Мәжілістің орнын басатын су жаңа жоғары өкілді және жалғыз заң шығарушы орган – Құрылтайға 145 депутат өтеді. Бірінші сессияға дейін 5 жылға сайланатын халық қалаулыларының есімі белгілі болады. Іріктелген азаматтардың арасынан Төраға таңдалады. Саяси дәстүрге сәйкес, алғашқы басқосуда Мемлекет басшысы жаңа институттың алдына қойылатын міндеттерге тоқталады.

Байболат Култанов