Солтүстік Қазақстан облысында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Оның аясында өңір прокурорлары азаматтарға заңнама нормаларын түсіндірді, одан әрі іс-қимылдың нақты тәртібін анықтауға көмектесті. Мәселен, Тайынша ауданында жер үлесін жоғалтқан тұрғын жүгінді. Ал ақжарлықты көшелерді жарықтандыру мәселесі алаңдатып келген. Барлық мәселе жіті қаралды.
ГРАФИКА:
««Құқықтық дәріхананың» міндеті – құқықтық көмекті қолжетімді және барынша түсінікті ету. Акцияда барлығы 133 өтініш беруші қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы акция барысында 2600-ден астам азаматты қабылдады».
Облыс прокуратурасы өкілдері тұрғындарды әр сейсенбі күні Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың барлық аудан орталықтарында қабылдайды. Жүздесу орындары – сауда-ойын-сауық, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мәдениет үйі, аудандық ауруханалар және өзге де қоғамдық жерлер.
Байболат Култанов