Теріскейлік тәртіп сақшылары Айыртау ауданының 35 жастағы тұрғынының ақшасын қайтаруға көмектесті. Нәзікжанды скутер сатып алмақ болған. Ол үшін танымал интернет-сервистен хабарландыру іздеген. Сөйтіп қалаған затын тапқан. Бірақ сатушы алаяқ болып шықты. Белгісіз азамат қос дөңгелекті көлік құнының жартысын алдын ала аударуды сұраған. Ал төлемді алғаннан кейін ол байланысқа шықпай, ұшты-күйлі жоқ болады. Осыдан кейін әйел аудандық полиция бөліміне жүгінеді. Құқық қоргау органдарының қызметкерлері сатушыны дереу анықтады. Ол 18 жастағы күнгей өңірлерінің бірінде тұратын жас жігіт болып шықты. Азамат келтірілген шығынды, яғни 50 мың теңгені толық өтеді. Айта кетейік, жыл басынан бері СҚО-да хабарландыру сайттары мен әлеуметтік желілер арқылы сауда жасауға байланысты 32 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.
Улан Ыдырыс