Қоғам

СҚО-да республикалық маңызы бар автомобиль жолының 30 шақырымы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының қайта жаңартылған 30 шақырымы ашылды. Бұл жол – Қазақстан мен Ресей Федерациясын байланыстыратын маңызды транзиттік бағыттардың бірі. Ол екі елдің өнеркәсіптік орталықтары арасындағы жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. Мұндай жолдарды дамыту шекаралас өңірлер арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, логистиканың тиімділігін арттыруға және сауда қатынастарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

ГРАФИКА:
“Жолды ауқымды жаңғырту қажеттілігі көлік қозғалысының айтарлықтай артуымен де байланысты. 2015 жылы бұл учаскедегі орташа тәуліктік қозғалыс қарқындылығы 2 793 автокөлікті құраса, бүгінде тәулігіне орта есеппен 5 034 көлік өтеді. Яғни көлік ағыны 80%-дан астам өскен. Жүргізушілер мен жолаушыларға арналған заманауи демалыс алаңы да салынды. Мұнда санитарлық-гигиеналық торап пен төрт отырғыш қарастырылған. Сыртқы жарықтандыру үшін 48 жарық бағанасы орнатылды”
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Жобаны іске асыруға 138 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 153 маман жұмылдырылды. Асфальтбетон қоспасын өндіру қуаттылығы сағатына 160 тонна болатын асфальтбетон зауытымен қамтамасыз етілді.

Байболат Култанов