Семей ядролық полигонының жабылғанына – 35 жыл. Осыған орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “35 жыл ядролық сынақсыз: өткеннен сабақ, болашаққа жауапкершілік” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге жастар, қоғамдық ұйым өкілдері мен полигон ардагерлері қатысты. Негізгі мақсат – тарихи оқиғалардың маңызын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, бейбітшілік пен қауіпсіздік құндылықтарын насихаттау.
АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО жастар ресурстық орталығынң басшысы:
– Бүгінгі шара диалог форматында өтеді. Семей ядролық полигоны – аса маңызды мәселе. Айтатын, әлі де зерттейтін тұстары бар. Сондықтан жиі қозғалу керек деп ойлаймын. Сол себепті басқосуды жөн көрдік. Бүгін апаттың салдарын көзбен көрген, жүрекпен сезінген адамдардың пкірін тыңдаймыз.
Кездесу барысында апат салдарын көзбен көрген жандардың естелігіне ерекше мән берілді. Арнайы шақырылған қонақтың бірі – Семей ядролық полигонының ардагері Асқар Мусин. Ол шығысқа әскер қатарында жүрген кезінде барған. Сонда басын шайқаған екен. Ескі естеліктер әлі де еске түседі.
АСҚАР МУСИН, Семей ядролық полигонының ардагері:
– 1970 жылы күзде әскерге шақырылдым. Ол кезде барлығы құпия болатын. Полигон жабылғаннан кейін ғана халық аурулардың қайдан шыққанын, полигонның зардаптары қандай болғанын біле бастады. Семей полигонының зардабы көп болды, қазір ол туралы ашық айтады.
Талай қиындықты бастан өткерген ағамыздың айтқанын жастар жағы ұйып тыңдады. Сөз алғандар өскелең ұрпақтың тыныштықтың қадірін білгенді қалайды.
Жансая Дербисова