Қоғам

Балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру

Петропавлда «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында балаларға арналған спорттық шара ұйымдастырылды. Турнир өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыруға негізделді. Сайысқа 9 бен 13 жас аралығындағы шамамен 130 ұл-қыз қатысты. Бастама барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері жеткіншектерге қаржылық қауіпсіздік ережелері мен түрлі операцияларды орындау кезінде мұқият болудың маңыздылығы туралы айтып берді. Бағалы ақыл-кеңес жастардың бойында жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға ықпал етеді.

Жансая Дербисова