Қоғам

Жас жұбайлар дауыс берді

Шаңырақ көтерген күн мен Құрылтай сайлауы тұспа-тұс келді. Мағжан Жұмабаев ауданында жас жұбайлар дауыс берді. Даниял мен Жасмин есімді жарасымды жұп үйлену тойы алдында Булаево қаласындағы №202 сайлау учаскесінде таңдау жасады. “Отан отбасыдан басталады” дегендей, Серіковтер жанұясының мүшелері бүгінгі маңызды шара жаңарудың, жаңа кезеңнің бастауы деп біледі. Олар Тәуелсіз Қазақстанның болашағынан зор үміт күтеді.

ДАНИЯЛ СЕРІКОВ, Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны:
– 5 жарым жыл қыз-жігіт болып араластық, ал бүгін шаңырақ көтеріп отырмыз. Тарихи датада Қазақстанда тағы бір отбасының негізі қаланды. Шынымды айтсам, осындай маңызды күні некеміз қиылады деп ойламадық. Тамаша сезімді бастан кешіріп отырмыз. Елімізде тек жақсылық болсын! Болашағымыз жарқын боларына кәміл сенемін.

Жансая Дербисова