Қоғам

СҚО-да 1,2 млн тоннадан астам астық бастырылды

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қарқын алды. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұсынған дерекке сәйкес, аймақта 862 мың гектардағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған. Бастырылған астықтың жалпы көлемі 1,2 млн тоннадан асады. Орташа гектар берекелігі 14,6 центнерді құрап отыр. Қазір өңірімізде майлы дақылдар да жиналып жатыр. 36,4 мың гектардағы өнім соғылған, қамбаға жеткізілген астықтың көлемі 38 мың тоннаға жуықтайды. Ал науқанға жұмылдырылған комбайн саны 6 жарым мыңнан асып жығылады.

Байболат Култанов