Әр 2 сағат сайын жан-жақтан жиналған дерекпен бөлісіп отырған Орталық сайлау комиссиясы 18:00-де де тың деректі жария етті. Әлі де қазақстандықтар дауыс беруді жалғастырып жатыр. Соңғы сандарды сөйлетсек, таңғы 7-ден бері 9 095 298 млн отандасымыз таңдау жасаған. Бұл елдегі жалпы сайлаушының 72,15 пайызын құрайды. Өңірімізге қатысты мәліметке кезек берсек, облыста тізімге енген теріскейліктің 75,14 пайызы бюллетеньде белгі қалдырып, арнайы жәшікке салған.
Аружан Султанова