Қоғам

Петропавлда жазғы биатлоннан ҚР чемпионаты өтуде

Петропавлда жазғы биатлонан ҚР чемпионаты өтуде. Дәстүрлі додада 15 пен 18 жас аралығындағы ұл-қыздар сыңға түсіп жатыр. Сайысқа еліміздің 10 өңірінен 100-ге тарта спортшы келген. Жарыс 4 бағдарламадан тұрады.

ДЕНИС ЧУМАНОВ, жазғы биатлонан ҚР чемпионатының бас төрешісі:
– Спринт барысында ұлдар 4 шақырым, ал қыздар 3 шақырымды бағындырады. 2 атыс шебінен өтеді. Біріншісінде жатып, екіншісінде тұрып атады. Спортшылар 5 нысанды дәл көздеуі тиіс. Спортшы көздеген нүктеге винтовкадағы және артық берілетін оқты тигізе алмаса, әрбір жабылмаған ұяшық үшін қосымша айналым жүгіреді. Біріншіліктің екінші күніне “Із қуу” жарысы белгіленген. Мұнда спринт нәтижесі маңызды рөл атқарады. Яғни, спринтте бірінші келген спортшы ертең де бірінші болып жолға шығады. Қалғандары көшбасшыны қуып жетуге тырысады.

Ал чемпионаттың үшінші күнінде жеке жарыс өтеді. Ұлдар 6 шақырым, қыздар 5 шақырым қашықтықты еңсереді. 4 атыс шебінде мергендіктерін сынайды. Қорытынды бәсеке – эстафета. Оған әр өңірден 3 спортшы қатысады. Бұл – Дмитрий Гутов. Ол биатлонан облыс құрамасының өкілі. Төзімділік пен мергендік сыналатын спорт түрімен айналысып жүргеніне 8 жыл болған. Республикалық додаға ұзақ дайындалған екен. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан чемпионы болған. Биыл сол жетістігін қайталамақ ниетте.

ДМИТРИЙ ГУТОВ, биатлоншы, СҚО:
– Жаз басталғалы дайындалдық. Бүгін спринт сайысында бақ сынаймын. Жатып әрі тұрып ататын боламын. Биыл Азия чемпионатына қатыстым, өкінішке қарай жүлде бұйырмады. Тағы бір мәрте Қазақстан чемпионы болғым келеді. Келешекте ерлер Ұлттық құрамасына жолдама алсам деймін.

Айта кетейік, чемпионат 4 күнге созылады. Жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар табысталады.

Улан Ыдырыс