Қоғам

Мамандандырылған ХҚКО-ның автодромы қолданысқа берілді

Петропавлдағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автодромы жөндеуден кейін қайта жұмысын бастады. Нефтепроводный көшесі, 7 мекенжайында орналасқан сынақ алаңында жүргізілген қайта қалыпқа келтіру ісі кезінде асфальтбетон төсемі жаңартылып, жол белгілері ауыстырылды. Тиісті таңбалардың анық көрінуіне ерекше назар аударылды. Өйткені бұл практикалық емтихан тапсыру кезіндегі негізгі элементтердің бірі саналады.


ЕРКІН ЖҰМАБАЙ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының директоры:

– Қолайсыз ауа райы жағдайларына, атап айтқанда жауын-шашынға байланысты кейбір жұмыстар қосымша уақытты талап етті. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде автодром тиісті талаптарға сәйкестендіріліп, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтиханды қолайлы жағдайда тапсыруына мүмкіндік жасалды.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстарына байланысты бұған дейін практикалық емтихан немесе сынақ жүргізу күнін ауыстыруға мәжбүр болған қызмет алушылар «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жаңа күнді таңдауы қажет.

Байболат Култанов