Қоғам

Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша алдын ала нәтиже

Ел тарихындағы тұңғыш саяси додада кімнің асығы алшысынан түсті? Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23-ші тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Ұсынылған дерекке сүйенсек, Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органына 5 партия өтуі мүмкін.

ГРАФИКА:
«Әділет» партиясы – 71,17%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11%;
«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы – 1,07%;
Қазақстан халық партиясы – 3,11%;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26%;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,21%;
Respublica – 5,56%;
«Барлығына қарсымын» – 2,51%.

Құрылтайға өту үшін партиялар сайлауға қатысқан азаматтардың жалпы санының кемінде 5 пайызының дауысын жинауы керек. Саяси ұйымдар тіркелген дауыс пайызына сәйкес депутаттық мандаттарды өзара бөліседі. Айта кетейік, сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Соңғы нәтижелер 30 тамызға дейін белгілі болады.

Байболат Култанов