Қоғам

Жұмабаевтық аға буын өкілдері таңдау жасады

Мағжан Жұмабаев ауданының аға буын өкілдері де көпшіліктен қалмады. Мәдени және ардагерлік бағытта жұмыс істейтін «Ақ жаулық» клубының мүшелері ерте сайлау учаскесіне барып, таңдау жасады. Түрлі шараларға қатысып, ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттап жүрген қазыналы қарттарымыз елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған саяси науқанның мән-маңызы зор деп біледі.

ЫРЫСБАЙ ЗАҒАПАРОВ, “Ақ жаулық” клубының мүшесі, М.Жұмабаев ауданы:
– Көптен күткен сайлау да келіп қалды. Бәріміз дауыс беріп жатырмыз. Құрылтай Қазақстанды өркендетеді, Президентіміздің бастамасымен елімізді алға шығарады деп ойлаймын. Құрылтай жастардың да ойларын жүзеге асыруға септігін тигізеді деп сенемін.

Еліміздің жарқын болашағына жол ашатын, жастардың негізгі демеуіне айналатын Құрылтай – басты жоғары өкілді орган. №200 сайлау учаскесі таңда есігін айқара ашты. Арнайы комиссия мен бақылаушы мамандар белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істеуде.

ҚУАТ АХМЕДЖАНОВ, №200 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, М.Жұмабаев ауданы:
-Учаскемізде Құрылтай депутаттарын сайлау басталып кетті. Дауыс беру тиісті заңнама аясында өтуде. Өздеріңіз көріп тұрғандай, алдын ала әзірлік жұмыстары жүргізілген. Халық біртіндеп келуде. Адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі. Жұмабаевтықтар бұл күнді асыға күтті.

№200 сайлау учаскесі Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешенінде орналасқан. Бұл жерде 1106 адам дауыс беру керек.

Аружан Султанова