Қоғам

Ұлттық ұлан академиясының ұжымы мен курсанттары дауыс берді

Елімізде өтіп жатқан саяси науқаннан Ұлттық ұлан академиясының ұжымы мен курсанттары да шет қалмады. №655 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып академия бастығы Артур Тоқышев дауыс берді. Курсанттар үшін бұл күн ерекше маңызға ие. Себебі, жас әскерилердің көбі алғаш рет дауыс беріп, азаматтық борышын орындады. Сонымен қатар, Құрылтай сайлауы күні 18-ге толған курсанттар Әшірмат Бақкелді мен Әділет Тынышбек те өз таңдауларын жасады.

Нурасыл Ахмет