Орталық сайлау комиссиясы 12:00-де елдегі Құрылтай сайлауының ағымдағы нәтижесіне қатысты мәліметпен бөлісті. Ұсынылған дерекке сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында сайлаушылардың 38,13% дауыс берді. Жалпы, еліміз бойынша 4 670 816 адам бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05% құрайды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат 14:00-де жарияланады.
Байболат Култанов