Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында жалпы 543 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның 92-і Петропавл қаласында орналасқан. Бұдан бөлек өңірде 13 жабық сайлау учаскесі жұмыс істейді екен. Олар әскери бөлімдерде, емдеу мекемелерінде және азаматтар уақытша орналасқан басқа да нысандарда ашылған.
САҒЫНДЫҚ РАХЫМЖАН, СҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:
– Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, облыс бойынша сайлаушылардың жалпы саны – 365 мың 161 адам. Сайлау науқанын өткізуге облыста 58 комиссия жұмылдырылған. Оның 15-і – аумақтық, 543-і – учаскелік сайлау комиссиясы. Барлық учаскелерде 3 мыңнан астам комиссия мүшесі жұмыс істеп жатыр.
Улан Ыдырыс

