Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында орналасқан №595 сайлау учаскесінде дауыс берді. Аймақ басшысы сайлауға жұбайымен бірге келді. Сондай-ақ, мұнда облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев те өз таңдауын жасады. Дауыс беру рәсімінен кейін өңір жетекшісі ардагер мен алғаш рет дауыс берген жастардың біріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының даналарын табыстады. Александр Штро – науқан барысын бақылап отырған байқаушылардың бірі. Айтуынша, дауыс беру процесі штаттық режимде өтуде.
АЛЕКСАНДР ШТРО, байқаушы:
– Учаскедегі жағдай тұрақты: халық белсенді түрде келіп жатыр. Бастапқыда егде жастағы кісілер басым болса, кейін жастар да өз таңдауын жасау үшін келуде. Барлық арнайы кабиналар мен компьютерлер қалыпты жұмыс істеуде. Сондай-ақ, учаскеде басқа партиялардың байқаушылары мен өзге де өкілдер қатысып, бақылау жүргізуде. Жалпы алғанда, дауыс беру процесі ережеге сай өтіп жатыр.

Данаш Хамза